Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Диди & Жақау - Ұлы Қазақ [Дұрыс Рэп] | Текст песни

Ұлы қазақ

Бастаймын сөздің басын, қанекей сөйле десең,
Жастармыз сөзі түзу, ойласа ойы терең.
Болсақ та жаңа қазақ тіліміз бүлінбеген,
Жүрегім тербеледі домбыраның үніменен.
Мақтанып айта аламын бәріне Қазақпын деп,
Намысты қолдан бермес ұлтым бар қайсар жүрек.
Тарихым шежірелі хан, батыр, сұлтанмен би,
Ақынмен күйшілер бар жырлаған термемен күй.
Қазақстан жеріменен ғасырлық тарихы бай,
Атадан мұрат болып жалғасар әрі қарай.
Жеткізген биіктерді жеткіземіз әлі талай,
Туымыз көк аспанда самғайды қыран құстай.
Болашақ жастар біздер, жанамыз жалын оттай,
Бес саусақ жұмылса егер боламыз жұдырықтай.
Додаға түссе күйге, шабамыз жүйрік аттай,
Қазақтың жігіттері Махамбет Исатайдай.

Ғасырдан ғасырларға, ғасырым сыр жасырған ба?
Ғасырлар куә тарихым тасқа басылғанда.
Сыр кітабы ашылғанда тереңнен танып тарихымды,
Сол үшін де қаза қылдым жарты өлім сан ұйқымды.
Бойымдағы қызыл қан маған жеткен ғасырлардан,
Құрама құралады намыспенен адам.
Ал жүрегім құралады қайсарлықпен иманнан,
Бұл қасиет демеу болған қазақ халқына жиналған.
Бір тудың астына қанша сынақ келсе де,
Өзгермеген бір сәтке қанша қиындық көрсе де.
Ата-бабалар өтсе де, қазағым қалған қазақ болып,
Тамырын жұла алмаған тарихтағы сан мың жорық.
Пайғамбардың жолын ұстап сәжде етеміз Құдайға нық,
Тектілерден бастау алған Қазақ атты халық.
Бөлінсек те сан руға жатамыз әлбетте танып,
Атам Қазақ руға бөлген, кетпес үшін лайланып қанымызбен Дініміз.

Диди & Жақау еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1