Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Диди және Жақау - Қамажай (feat. Тарлан және Айнара Айтқалиева) | Текст песни

Қамажай

Жақау

Бүгін біз көңілдіміз бір шулатып жағажайды
Құшақ жайып тұрғандай жастар түгіл ауа-райы
Мұнда достар жанға жайлы, сөзі майлы
Би алаңы жын-жыпыр, тоқтатайық осы жайды
Ей, бойжеткен тоқтат тектоник, дэнсты
Тоқтат ча ча чаны, би билеп бер келісті
Самба, румба қажет емес баяу вальс
Қажет емес хастл, би билеп бер маған таныс
Сальса, бачата, меренга әлде мамбо
Қажет емес джайв, тіпті де танго
Пачанга, болеро, қоя тұр Аргентинаны
Биле маған өтінем биін қыздың ибалы
Буги-вуги, транс, крамп, гоу гоу
Стрип дэнс, сквэр дэнс, қажет емес шоу
Қане біз екеуміз шулатайық жағажайды
Меннен рэп болса, сен билеп бер Қамажайды!

Қайырмасы:

Басында Қамажайдың бір тал үкі
Айрылып Қамажайдан болдым күлкі
Айрылып Қамажайдан отырғанда
Келеді қай жерімнен ойын-күлкі

Диди

Ей, дос! Барына қос! Көтеріңкі болса егер көңіл күй
Бірігіп бәріміз, жасымыз кәріміз қанеки билейік ұлттық би
Лезгинка, ламбада, ча ча ча, румба, сальса, танго қалар жолда
Қазақтар билесе бүркіт биін, қамажай, ортеке, қара жорға
Билесін жеңгелер, аналар, әпкелер, құдаша, қарындас, әжелер де
Тоқтамай билей бер айтса да үлкендер «қойыңдар, қанеки жә жетер!» - деп
Билесін інілер, ағалар, аталар қара жорға мен ортекені
Ендеше қайтала, тұрма сен жай ғана шыққанша маңдайдан тері
Билесін сатушы, спортсмен, музыкант, күзетші, оқушы, мұғалім
Билесін сарбаздар, депутат ағалар, билесін қосылып бар әлем
Билесін Дубайда, Ресей мен Қытайда, билесін тіпті АҚШ-та
Қайда болса да билесін мейлі, тек қазақи нақышта
Бәріне әйгілі қара жорғаны кезінде билеген арғы атам
Ендеше құрайық Алтыбақан, әр жерге әртүрлі алты тағам
Билейік бәріміз қара жорғаны 400 емес одан артық адам
Рекордтар Гиннесін жаңартып жасайық тарихта болмаған жаңа қадам!

Қайырмасы:

Қолында Қамажайдың алтын жүзік
Қамажай отыр ма екен көзін сүзіп
Көрмесе жарта сағат тұра алмаушы ед
Апырмай кетті ме екен күдер үзіп

Тарлан

Әлемдік әуен бағыттары рок, кантри, джаз демек,
Жат естілгенімен, заманға қарай саз керек.
Жәй ғана аз дерек көргін қазақ биігін,
Куә бол жаңа сарында Қамажай биінің.
Көнені ұмытпа, көрсетпе теріс қып,
Билесін бар алқап, билесін кеңістік.
Жүректе ең ыстық сезім бұл,
Ендігі біл,
Елімнің ежелден сақтап келгені елдігінің.
Уақыт шешер әлі, тек кешегі күнді ұмытқан,
Бүгінгі жастарда өзге бүгін құндылықтар.
Киген киімі басқа, сөзі бөтен, исі бөлек,
Қамажайдай қыздар аз тұрарлық сүйсінуге.
Қайтесің жаман айтып, шат шадыман күй кешкенде,
Бұл жыр арнаулы тек санаулы ғана бикештерге.
Сондықтан бет бұр көңіл аудар тағы тыңда,
Қазақтың қара өлеңі рэп әуені бағытында.

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
  • Flume - Never Be Like You feat. Kai Flume - Never Be Like You feat. Kai
    http://flu.me Flume - Never Be Like You feat. Kai Download the Skin album preview here for free ...
  • Major Lazer - Light It Up (feat. Nyla & Fuse ODG ... Major Lazer - Light It Up (feat. Nyla & Fuse ODG ...
    STREAM LIGHT IT UP (FEAT. NYLA & FUSE ODG) [Remix] - http://smarturl.it/ LIURemixStream ...
  • Major Lazer & DJ Snake - Lean On (feat. MØ ... Major Lazer & DJ Snake - Lean On (feat. MØ ...
    OFFICIAL MUSIC VIDEO // MAJOR LAZER & DJ SNAKE - LEAN ON (FEAT. MØ) " India is ...
  • Feder - Blind feat. Emmi (Official Video) Feder - Blind feat. Emmi (Official Video)
    Check out the official video for Feder's brand new single Blind (feat. Emmi)! Blind (feat. Emmi ...
  • Robin Schulz - Sugar (feat. Francesco Yates ... Robin Schulz - Sugar (feat. Francesco Yates ...
    Official Music Video for Robin Schulz - Sugar. ▻Get SUGAR here: http://wmg. click ...
  • Major Lazer - All My Love (feat. Ariana Grande ... Major Lazer - All My Love (feat. Ariana Grande ...
    AMAZON (free Prime shipping) - http://smarturl.it/supermarketteAZ. STREAM ALL MY LOVE ...
  • Skrillex & Diplo - "Mind" feat. Kai (Official Video ... Skrillex & Diplo - "Mind" feat. Kai (Official Video ...
    Official video for Skrillex & Diplo - "Mind" feat. Kai Directed by: Liam Underwood Filmed by ...