Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Диди және Жақау - Бас сардар | Текст песни

Бас сардар сөйлейді бас имейтін өлілерге,
Бас имейтін саған, кез келген көрінгенге.
Табылар төріңнен де мен әркез төрдемін,
Сәлеміңді дұрыс бер, мен саған көңіл бөлемін.
Өз үйім - өлеңім, өлең - төсегім,
Сыйлы болсаң маған, астыңа жұмсақ төседім.
Ақ киізді, ақ төсекті, өзіңе керекті,
Бірақ та ашпаймыз шайтан сідікпен шөлмекті.
Сөздері өрнекті, мүсіні көзге көрнекті,
Бойжеткендер шай құяды ауыртқан жүректі.
Тақияңа тар келмес, алам десең Адай қызын,
Бірақ та мықтап ұста салт-дәстүрін біздің.
Ортасында Кіші Жүздің қонақтасын,
Қала өзі қарсы алады жасыл шөптің орап басын.
Қонағым жолатпасын жаман ниет арсыздықты,
Сыйлы адамға дайынмын көрсетуге бар қызықты.

Диди, Жақау сөйлейді болмаңдар тосқауыл,
Жақаудың ырғағында ағайын, дос, бауыр.
Шайқалмаған қала жоқ, шайқалар қос саунд,
Шайқайды сені ел есіндегі қос дауыл.

Бас сардар сөйлейді насихаттап хақ дінді,
Болуға да тырыспаймын сен үшін бір үлгі.
Көктен күнді көргендей танисың алыстан,
Болуға да тырыспаймын сен үшін бір данышпан.
Жаратылған намыстан Қазақпыз қайыспаған,
Әрдайым жүлделі оралған сайыстардан.
Жақаудың жамағаты сарбаздары майыспаған,
Қошемет көрсетеді KZ-ім жүз пайыз маған.

Диди, Жақау сөйлейді болмаңдар тосқауыл,
Жақаудың ырғағында ағайын, дос, бауыр.
Шайқалмаған қала жоқ, шайқалар қос саунд,
Шайқайды сені ел есіндегі қос дауыл.

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-