Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Диди және Жақау - Құрметке лайықсыз | Текст песни

Құрметке лайықсыз ала жіп аттаған,
Ондайлар әлбетте қорықпас Алладан.
Құрметке лайықты басатын оң қадам,
Жүрек пен Иманын жаманнан қорғаған.
Құрметке лайықсыз ала жіп аттаған,
Ондайлар әлбетте қорықпас Алладан.
Құрметке лайықты басатын оң қадам,
Мың жолдың ішінен тура жол таңдаған.

Алтынды көргенде періште тайыпты,
Адасқан пенделер қалайды байлықты.
Парақар парамен болмайды айыпты,
Ондайлар құрметке тұрмайды лайықты.
Кедейлер көшеде жайса егер алақан,
Ішкені қара су, жегені қара нан.
Бай болмас қол ұшын созуға талпынған,
Қорықса бастықтан, қорықпас Алладан.
Сәулесін шашқан күн айналды түнекке,
Басына жүк түссе достарын күндікше.
Келмейді көмекке, мұз басқан жүректе,
Қыздар да сатылар тәнімен көшеге.
Өз ісін білмеген ереді өсекке,
Темекі дос болмас, қас болар өкпеге.
Араққа байланған жүгірер шөлмекке,
Ондайлар әлбетте лайықсыз құрметке!!!

Құрметке лайықсыз ала жіп аттаған,
Ондайлар әлбетте қорықпас Алладан.
Құрметке лайықты басатын оң қадам,
Жүрек пен Иманын жаманнан қорғаған.
Құрметке лайықсыз ала жіп аттаған,
Ондайлар әлбетте қорықпас Алладан.
Құрметке лайықты басатын оң қадам,
Мың жолдың ішінен тура жол таңдаған.

Кей жастар бүлінген, көрінер айыпсыз,
Халықты алдаумен Эй көке байыпсыз!
Хақ дінді менсінбей хақ жолдан тайыппыз,
Өтпекші болғандай теңіздей қайықсыз.
Тойда да, садақада удай мас кайфпыз,
Біреудің күнәсін өсектеп жайыппыз.
Кей сәтте орынсыз сөйлейміз байыпсыз,
Мәдениетті сөйлеуде әлбетте шайыппыз.
Әкесін тыңдамайтын көбейді ұлмен қыз,
Дәл осындай адамдар құрметке лайықсыз.
Құрметке лайықсыз, ақша деп елін сатқан,
Құрметке лайықсыз, адам өлтіріп қарулатқан.
Құрметке лайықсыз, ақша деп тәнін сатқан,
Құрметке лайықсыз, тұтатындар өзін мақтан.
Адам түгілі Құдайдан ұялудан қалыппыз,
Болмайықшы адам құрметке лайықсыз.

Құрметке лайықсыз ала жіп аттаған,
Ондайлар әлбетте қорықпас Алладан.
Құрметке лайықты басатын оң қадам,
Жүрек пен Иманын жаманнан қорғаған.
Құрметке лайықсыз ала жіп аттаған,
Ондайлар әлбетте қорықпас Алладан.
Құрметке лайықты басатын оң қадам,
Мың жолдың ішінен тура жол таңдаған.

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-