Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Диди жане Жакау - Япыр-ай| www.VIPSTAR.kz | Vk.com/Galook | | Текст песни

Жақау:

Япыр-ай, таңғаламын жаратқанға
Оның ұлықтығы сезіледі әрбір таңда
Түн өтіп, таң атқанда ауысады періштелер
Тек қана иманды жан бұл сөзіме ғана сенер
Қарашы... қарашы көк аспанды
Жаратқан төбе етіп, япыр-ай, көрінбейді шеті
Қарашы тауларға қазылған қазық сынды
Жарқыратқан төбесінде ай, жұлдыз бен күнді
Қарашы қара жерге төселген төсеніштей
Өмір сүру мүмкін бе, япыр-ай суын ішпей
Көлі мен өзенінен, жер ананың өзегінен
Раббым ризық берген сан ұрпаққа кезегімен
Япыр-ай, қарашы ну ормандарға,
Жасыл кілем төселген сияқты сол маңдарға
Ұласатын қиялдарға өмір неткен шолақ едің
Мәңгі сенде қалалмайтын өткінші бір қонақ едім, япыр-ай!

Данияр

Алла құдіретті жаратушы, бейнелеген көк аспанды
Жасыл түспен жапырақ, ну орманды
Төртке бөліп күз, көктем, жаз бен қысты
Япыр-ай ұшырған қанатымен құсты
Таңғаламын Алланың құдіретіне
Себелеткен аспаннан жаңбыр, қарды жер бетіне
Зерттеген ғалымдардың айтуынша
Әрбір қардың түйіршігі ұқсамайды бір-біріне, япыр—ай
Бір теңіз бар ащы, тұщы Ортасынан қақ бөлінген
Ғалымдар сенбеді «қалайша, бұл мүмкін бе?»
Жак Кустоның өзі мойындады хақ исламды
Жаңалығын япыр-ай құраннан көргенінде
Бір тас бар тіреуі жоқ, тіремейді ағаш тас та
Күмәндансаң сөзіме өтірік пе әлде рас па
Жердің өзі тас сияқты ауадағы шар емес пе
Тәңір жоқ құдіретті, япыр-ай, Алладан басқа!

Диди жане Жакау еще тексты


Другие названия этого текста
  • Жакау - Япыр-ай (1)
  • Диди жане Жакау - Япыр-ай| www.VIPSTAR.kz | Vk.com/Galook | (1)
  • Данияр Рахметжанов және Аманкелді Өтешов - Япыр-ай (0)
  • Диди жане Жақау - Япыр-ай (0)
Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1