Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Диди және Жақау - Жігіт сұлтаны (Елім-ай) | Текст песни

- Бұл не?
- Құт келе жатыр.
- Әй, бұл қай ауылдың баласы?
- Алыстан келе жатқан серілерғой!
- Әп-бәрекелді! Жігіт сұлтаны деген осы.
- Дұрыс айтасың!
- Мықты, мықты...
- Па шірікін!
- Ха, ауылдың қыздарының арманығой мына жігіт!
- Ахахахахаха
- Құр емес екені көрініп тұр. Бас жүлдені қанжығасына байласын!
- Сөйле батыр!

- Ассалаумағалейкум, қалың елім, қазағым,
Келіп қалдым ауылыңа, аралап той базарын.
Олай болса құшақ жай, өз ұлыңа төрлетіп,
Маңғыстаудан келіп жеттім, міне енді ат терлетіп.
Сұрасаңыз Адайдан, Жақаудан шыққан ер болам,
Отаны кие түйенің, Маңғыстаудай жер болам.
Тереңдігі теңіздей, Каспий деген көл болам,
Мұнай толған қойнауы, күрең өткен бел болам.
Көк мойнақты ай тұлпармын, жете алмаған жел де оған,
Ашуы келсе шайып өтер, қарғынменен сел болам.
Ниеті түзу адамға, құшақ ашып тең болам,
Қашағандай ақынға, білмесеңіз жем болам.
Жаңаөзеннің маңдайынан аққан қара тер болам,
Халқымның игілігіне пайдалы мұнай, кен болам.
Естулерің барма еді, Жақау деген сұлтанды?
Өтешов Амангелді деген ұлың мен болам!

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Популярное сейчас
Видео
Нет видео
-