Аты-жөнім болады Төреғали Төреәлі Жүрегімнің жартысын Көрген жоқпын мен әлі Қыздар маған қосылмай Қарайтындай досындай Үйленбегем негізі Түрім өзі осындай
Орыс қызын сүйген ем Ақыл айтып ми жеген Әдетінене төзбедім Ерін төстеп-билеген Үнді қызын сүйген ем Кездескендей киномен Есімінен шатасып Гита-Зита дей берем
Қайырмасы: Ех, тіліммен түйреген Қабақ шытсаң күйреген Қадірімді-ай білетін Қазақ қызға үйленем Еріндері кеседен Басқа жерге тимеген Қадірімді-ай білетін Қазақ қызға үйленем Қазақ қызға үйленем
Қытай қызын сүйген ем Көптігінен именем Қайын жұртым кеп қалса Симаймын ғой үйге мен Өзбек қызын сүйген ем Күнде биге сүйреген Билегені - демалыс Демалысы - күйбелең
Қайырмасы: Ех, тіліммен түйреген Қабақ шытсаң күйреген Қадірімді-ай білетін Қазақ қызға үйленем Еріндері кеседен Басқа жерге тимеген Қадірімді-ай білетін Қазақ қызға үйленем Қазақ қызға үйленем
Қыздар маған сенбейді Сенбеген соң тергейді Тергеуші қыз алдында Ақталғымда келемейді Мың жүректі сыздатып Мың жүректі мұздатып Ең соңында силаймын Бір жүрекке шын бақыт
Мың сұлудың қиялы Телефонда ұялы Әрі кетсе жүрекке Төрт-ақ ару сияды