1.Біз енді қайтер екенбіз,
Жақынбыз және бөтенбіз.
Алыстан келсең, алдыңнан
Су алып шығар бөтен қыз.
Қайырмасы;
Тоналар, бәрі тоналар,
Өзіңдей кімдер бола алар?
Жоғалар, бір күн жоғалар,
Мен сыйға тартқан орамал.
2.Сен қайда қалып барасың,
Қарайған нүкте ғанасың.
Жанымды үнсіз жаралап,
Жарасын өзің таңасың.
Қайырмасы;
Тоналар, бәрі тоналар,
Өзіңдей кімдер бола алар?
Жоғалар, бір күн жоғалар,
Мен сыйға тартқан орамал.
3.Мазамды алды мына ақшам,
Семсерін кезеп сұрақ сан.
Күлдіріп отыр басқа жан,
Жақсы еді-ау сен кеп жылатсаң.
Қайырмасы;
Тоналар, бәрі тоналар,
Өзіңдей кімдер бола алар?
Жоғалар, бір күн жоғалар,
Мен сыйға тартқан орамал
Дина Нурпейсова еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 3