Бұл көктемнен не күтіп ем… Сенi ме?! Мұң жылайды көзімде, Тыңдайыншы, айтар екен сезім не? Өткен күннің құшағында қалған Күз, Несібемді келіп тұрмын бер, міне…
Кө-ө-өп күттім ғой… Нені күттім сағынып?! Бір жылылық аңсап жүрген жанымды ұқ. …Қойшы, осы мен кімге не деп отырмын? Нені күтем, өшті емес пе бар Үміт?!
Ұры ойлары тағы да ұлып санамның, Күтеді ылғи, талдырып құр жанарын… Тағы да сол амалсыздан ақыры Тағдырымның бағамын-ау қабағын.
Өкпелі ме, соңғы кездер Ол дағы, Араласып кеткеннен соң Сор, Бағы. Мені қойшы, шыдаймын ғой, шыдаймын… Үмітімді жылатпаса болғаны...
Динаpа Султан - Сенiн гана Динаpа Султан - Сенiн гана ... Динара Султан - Көп күттім (официальный видео клип) - Duration: 3:16. by Ali Okapov 38,726 views. 3 ...