Адай болсаң-алысқанды алып ұр,
Құлап қалсаң-аяғыңнан қайта тұр,
Бабаң батыр,осал емес берілме,
Я Алла деп ,ұраныңды айта тұр,
Адай болсаң-бәйге берме бөтенге,
Дұшпаныңа жеңіс берме бекерге,
Жағадан ал,қасық қаның қалғанша,
Тосқауыл бол,жолды бөге өтерге.
Адай болсаң-сырың іште бекем бол,
Армандаған мақсатыңа жетер бол,
Жер аманат,ел аманат бабадан,
Ұрпағыңа мұра тастап кетер бол.
Адай болсаң-ел-жұртыңа жақын бол,
Туын ұстар,ержүрек бол,батыр бол,
Қасқыр мінез есе берме ешкімге,
Басқалардың он ұлына татыр бол.
Адай болсаң-жаман істен қашық бол,
Құнан қойдың сақасындай асық бол,
Атақоныс,қорғап қалған жерді сүй,
Маңғыстаудың тау-тасына ғашық бол!!!
Әділбек Кенже еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1