Ай туғанда...
Көкке қарап ұлыдым,
Ұлыдым-ау үзілердей жұлыным!
Жеткізбейді екі аяқты иттерге,
Үш аяқты менің қасқыр ~ ғұмырым!
Қайтем енді?!
Көкке құмар көңілім,
Күндіз ұйықтап, түнде жортар бөрімін.
Қаншама итті дұшпан қылдың сен маған,
Өмірім-ай, өмірім-ай, өмірім?!
Құдай ~ көкте,
Менің жалғыз сенгенім,
Өз жарамды өзім жалап емдедім.
Түлкі-заман тышқаншылап барады...
Өкінемін ~ өлер кезде өлмедім!
Күйініш боп шығады іштен күлкім де,
Ішім күйсе, ұлымауым мүмкін бе?!
Ит адамға айналмайды ешқашан,
Адам итке айналады бір күнде...
Өлең жаздым өзім үшін құлшынып,
Өмір сүрдім біреу үшін түршігіп.
Менен ескі итаяғын қызғанып,
Үрді маған ит сияқты тіршілік!
Отыз қырдан аспадым ба, астым ба,
Не күтіп тұр қырық қырдың астында?! .
..Ит-тірлікке ыза-кегім күшейіп,
Ұқсап барам екі аяқты қасқырға...
Авторы: Алмас ТЕМІРБАЙ
Әділбек Кенже еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1