КЕЗДЕРДЕ КЕЙДЕ ҚАРА БҰЛТ АЙДЫ БҮКТЕГЕН, ҮЙІМЕ ҮНСІЗ ТҰНЖЫРАП ҚАЙҒЫРЫП КЕЛЕМ. ТАЛЫҚСЫП ЖАТЫП СОДАН СОҢ КЕТЕМІН ҰЙЫҚТАП, ҰЙЫҚТАП КЕТСЕМ ТҮСІМДЕ СӘЙГҮЛІК КӨРЕМ...
Қайырмасы: Мінем де шабам алдымнан аңғарлар қаптап, Таулардан орғып өтемін, заңғарларды аттап. Жарықтың жылдамдығын да жолда қалдырам, Мен болсам — арман, тұлпарым — арманнан да әппақ!
Аққу сындымын бүгінде айдыны — қырау. Қай жаққа апарып көмермін қайғымды мынау. –Өңіме қарай бір кезек, шаппайсың неге? Түсімде көріп жүретін сәйгүлігім - ау!..
Қайырмасы: Мінем де шабам алдымнан аңғарлар қаптап, Таулардан орғып өтемін, заңғарларды аттап. Жарықтың жылдамдығын да жолда қалдырам, Мен болсам — арман, тұлпарым — арманнан да әппақ!
Аққу сындымын бүгінде айдыны — қырау. Қай жаққа апарып көмермін қайғымды мынау.