Дінсіз кетті бір ағам, дінсіз кетті,
Бір рет азан шақырмай үнсіз кетті.
Түртінектеп жүрді де тіршілікті,
Ақіретін ойламай мұңсыз кетті.
Көшер – көшпес көңілден...
Көзден кетті.
Жұрты айтқан жылы–жұмсақ сөзбен кетті.
Атақ–абырой, мал–мүлік жинап еді,
Бәрі қалып, қос құлаш бөзбен кетті.
Жаяу кетті, көлігін мінбей кетті.
Көп медальдің бірін де ілмей кетті.
Мүңкір–Нәңкір қоятын үш сұрақтың
Ең болмаса біреуін білмей кетті.
«Алтын» басын Аллаға имей кетті.
Шариғаттың шарттарын сүймей кетті.
Тым болмаса жұмада Раббысы үшін
Жайнамазға маңдайы тимей кетті.
Бұйрығына Тәңірдің көнбей кетті.
Көрден соңғы өмірге сенбей кетті.
Көкірегінен Дарвин мен Ленин жаққан
Атеистік алауы сөнбей кетті.
Күліп келген күнәдан қашпай кетті.
Молда айтқан сөзге құлақ аспай кетті.
Қос дүниелік бақытпен қауыштырар
Құран Кәрім парағын ашпай кетті.
Жүрегіне сіңдірмей иман нұрын,
Игіліксіз ғылымнан жиған білім.
Тірісінде тәрк еткен аяттарды
Жатыр оған бағыштап имам бүгін...
Дінсіз кетті.. еще тексты
Другие названия этого текста
- Серік Қалиев - Не пайда (1)
- Серік Калиев-Не пайда (audiopoisk.com) - Не пайда (0)
- Дінсіз кетті.. - Серік Қалиев (0)
Сейчас смотрят
- Дінсіз кетті.. - Серік Қалиев
- Борис Гребенщиков ♫ Аквариум - Город золотой - Под небом голубым есть город золотой, с прозрачными воротами и яркою звездой, а в городе том сад, все травы да цветы, гуляют там животные невиданной красы...
- Григорий Лепс feat. Green Grey - Бабосы Боссам
- dj супер клубняк хит лета 2012 хит 2013 дабстеп, техно, транс, поп, шансон, гуф, стим, баста, клуб, крутая песня, слушать всем - Мего клубняк
- Mastodon (Need for Speed Most Wanted SoundTrack) - Blood and thunder
- ОУ74 - 19. Дзен (ft. the Chemodan) (Неизбежен)(2012)
- Смешарики- - Наш шарик ещё слишком молод его бросает то в жар то в холод
- перцы - TuывrnIt Again
- Johannes Enders - 10. Organ Train
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 3