Гүл бейнеңнен сенің көз алмадым арайладым, Түнде, түсте, күндіз өзің жайлы көп ойладым Алып ұшқан жүрек сағыныштан өртенердей Оралар деп жаным жолыңа әр кез қарайладым
Жаз дидарың жайнаған Көзіңнен нұр таймаған Жайнаушы еді өзіңнен Гүлге толы айналам Бар тілегім жүрегім Сен деп қана ойланам Алтын арай таңым да Бақытымсың, бағым да Жанымның бар бақыты - болшы менің жанымда менің, менің
2-мәрте Жүрегімді жаралап кеттің ғашығым Сезім бағын аралап әніме салам Өзіңді ойлап, теңіздей тулап тасыдым Қайда жүрсің сен
Аққуымсың, бірақ айдыныңа оралмадың Арманым боп алдан жолықпадың, қол алмадың Гүлденерсің жайнап, көктем болып бір келерсің Жүрсің-дағы қайда, аман болшы ақ арманым
Жаз дидарың жайнаған Көзіңнен нұр таймаған Жайнаушы еді өзіңнен Гүлге толы айналам Бар тілегім жүрегім Сен деп қана ойланам Алтын арай таңым да Бақытымсың, бағым да Жанымның бар бақыты - болшы менің жанымда менің, менің
6-мәрте Жүрегімді жаралап кеттің ғашығым Сезім бағын аралап әніме салам Өзіңді ойлап, теңіздей тулап тасыдым Қайда жүрсің сен