Ахау, бикем, жар-жар, Алма мойын, ақ сұңқар. Қош-есен бол, құрбым-ай, Құрбылықпен жүрдім жай, Бір күн ауру, бір күн сау, Таба алмадым бабыңды-ай. Өткен іске өкінбе, Бір келмесін білдім-ай.
Қозыбақтың қызы едім, атым Ұмсын, Серттен тайған жігітті Құдай ұрсын.
Ахау, бикем, жар-жар, Алма мойын, ақ сұңқар. Қош-есен бол, құрбым-ай, Құрбылықпен жүрдім жай, Бір күн ауру, бір күн сау, Таба алмадым бабыңды-ай. Өткен іске өкінбе, Бір келмесін білдім-ай.
Ақбоз үйдің ішінде мен отырсам, Мені іздеген жігіттер үйге кірсін.