Ақ сиса
ЖАЯУ МҰСА
Ақ сиса, қызыл сиса, сиса-сиса,
Қалмайды кімдер жаяу зорлық қылса.
Шорманның Мұстафасы атымды алып,
Атандым сол себептен Жаяу Мұса.
Ақ сиса, қызыл сиса, сиса-сиса,
Жүрмейді кімдер жаяу зорлық қылса.
Байлары орыс-қазақ қашқын дейді,
Көрер ем қашқындықты күнім туса.
Үш жүзге атым мәлім Жаяу Мұса,
Жүрмейді кімдер жаяу зорлық қылса.
Аттыдан жаяу жүріп кек аламын,
Жігіттер, шамаң келсе, маған ұқса.
ДосМұқасан еще тексты
Другие названия этого текста
- Дос-Мұқасан - Ақ Сиса (0)
- ДосМұқасан - Ақ Сиса (0)
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2