Болғанда ашу ара нəпсі жауың Алдыңда ақыл берген асқар тауың Жүректі ашу кернеп тұрған шақта Денеңнің біле алмайсың ауру-сауын Ойласаң мың бір пəле тілден туған Шешендер көп ішінде тілін буған Бір адам қателесіп сөз сөйлесе Жабылып мың бір бəле соны қуған Жігіттер жау алмайды ақылдассаң Жөн білетін адамға жақындассаң Қарап жүрген адамға кісі тимес Сабыр ғып өз-өзіңді мықты ұстасаң Жақының жат болады алыс болса Жатта жақын болады таныс болса Сыртыңнан жаман туыс табалайды Аяғың бір нəрсеге шалыс болса ах-ха-хей Ау иги-гиги-гай, иги-гиги-гай, ги ги ги ги ги ги ги ги е-е-еееее
Кедейлік ер-жігітке намыс емес Жоқ болса туысыңда таныс емес Суық үй арық соғым жаман əйел Үшеуі кедейліктен алыс емес Ын соқса адам шіркін тосылады-ей Кері кетсе ұйқы кеп қосылады-ей Құл құтан қара қалпақ болсаңдағы Мал шіркін айыбыңды жасырады Екі арыстан жабылса дəуді өлтірер Ажал жетсе аурусыз сауды өлтірер Қаны безер бұзақы жігіт болса Тыныш жатқан еліңе дау келтірер