Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Дуйсенов А. сөз:Тойлыбай Н. - Жетимнин монологы | Текст песни

Бүгін, Тәуелсіздік күні!!! Бүгін еліміз 20 жасқа толды!!! Қазақстан, өткен 20 жылда тәй-тәй басқан сәбиден , аяғын нық басқан, кеудесін тік көтерген азаматқа айналды!!!! Елімнің басынан не өтпеді дейсің?! Бірақ, ол барлық қиындықты жеңе білді!!! Бүгін, менің де туған күнім!!! Иә, мен, 1991 жылы 16 желтоқсанда дүниеге келдім. Мен елімнің құрдасымын! Бүгін Қазақстанда көп нарсе бар!!!! Ал менде не бар? Бүгін оны әлемнің 4 бұрышынан құттықтаулармен келіп құттықтап жатыр!!! Ал, мені кім құттықтар???!!!! Ешкім жоқ!!!!!
Анам маған жүкті болғанда полигонға жақын тұрған екен . Экологияның нашарлығы және полигондағы жарылыстар әсер еткенбе.? Білмеймін, мен осылай туылдым. Мен туылғанда тек дене мүгедектігімен туылғаным жоқ, жан мүгедектігі де бар менде! Себебі, мен тірі жетіммін ... Жо-жоқ , олай ойламандар, менің ата-анам бар , енді, бар деп ойлаймын... Көкілдеген көкектей тастап кетті мені олар, аюдың бір апаны, мүгедектер үйіне , сол жерде мен өмірдің ащы шындығын , адамдардың мүгедектерге деген көзқарасын көрдім. Енесінен айырылған күшіктей боп, қақаған бір аязда сәбилер жүрді зар жылап! Амал қанша?! Тағдырдың бір тәлкегі осы болар.........
Менің Арман деген досым болған! екеуміздің тосегіміз қатар тұратын. бала қиялы қайда самғамайды дейсің? екуміздің арманымыз бірі бірінен өткен, орындалмайтындай болып көрінетін! ең қызығы оның ең үлкен арманы әлемді шарлап, саяхат жасап, қазақстанды жаяу аралап шығу болатын, бірақ Арманның бұл арманы тек орндалмас арман болып қала берді. себебі, ол туылғалы кемтар болатын, ана құрсағында болған кезден ақ дәргерлер оның аяқсыз туылатынын білген. бірақ Арман, өмірдің қатал сынына ұшырағанына мойымастан, бір биікті бағындыратынына сенетін. Амал қанша ол 14 жасында лекимиядан қайтыс болды!!!

Әрине, мен өз ата-анамды іздеп тапқым келеді.... менде, басқа адамдар секілді бақытты болғым келеді. Менде жұмыс істеп, ақша тауып, отбасы құрып, бала өсіргім келеді , бірақ, амал не ?! Мен, мен, мүгедекпін! Маған ешкім тура қарағысы келмейді . Олар мені көрсе, көздеріне жас келіп, аяушылықпен қарайды... Білесіздер ме адамдар ?! Өтінемін, жалынамын, маған жанашырлықпен қарамаңдар, мені аямандар, менде адаммын , менің де кеудемде дүрсіл соққан жүрегім бар , менің де арманым бар ! Менің мүгедек болғаным болмаса - сендерден еш айырмашылығым жоқ ... Тағдырым қатал болса да, мен еш өкінген емеспін. Құйрығын қысқан күшіктей боп, басымды имеспін ешқашан!!!!!!
Арман? , арман демекші , менің ең үлкен арманым бар: Өмірімнің соңына дейін ананың аялы алақанын, жылы құшағын сезінгім келеді. Ол мен үшін, түн ұйкысын төрт бөлмесе де, аналық махаббатын сыйламаса да - анамды іздеп тауып , өмір сыйлап, өмір сүруге мүмкүндік бергені үшін "рахмет" айтқым келеді...... АНАШЫМ РАХМЕТ саған... РАХМЕТ САҒАН АНАШЫЫЫЫЫЫЫЫЫМ.....


Дуйсенов А. сөз:Тойлыбай Н. еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1