Толғанай: Бала едің кішкентайдан халық сүйген Камзол мен қыңамалы бешпет киген Тұйғыным қолымдағы ұшады деп Ата-анаң ұзатарда іші күйген Дидар: Ел жұртың қиналады қыз кеткенде Түсінсең бола қоймас бізге өкпең де Әкеңе сендей бала табылар ма? Алты жыл арғымақпен іздеткенде Жазира: Анаң да қиналады кетеді деп Айы әлі сағындырып өтеді деп Үй сәні көштің көркі көгершінім Қай бала шырағыма жетеді деп