Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Дюсенов Асхат и Асель Хусаиновна - Екы жулдыз | Текст песни

Түннiң қай уақ болғанын да кiм бiлген,
Сөнiп жатты жұлдыз бiткен бiр-бiрден.
Сөнiп жатты үмiтiмдей бәрi де,
Жаным ысып, жалын құшып тұрдым мен.

Екi жұлдыз - екi бақыт көктегi,
Төбемiзде тұрып алды, кетпедi.
Бар аспаннан екi жұлдыз көрдiк бiз,
Бiздер де екеу едiк, өйткенi.

Үнсiз ғана, бiзге, жаным, еленбей,
Уақыт, шiркiн, өте бердi бөгелмей.
Екi жұлдыз тұрды аспанның жүзiнде,
«Екеуiңдi қимай тұрмыз» дегендей.

Екi жұлдыз - екi бақыт көктегi,
Төбемiзде тұрып алды, кетпедi.
Бар аспаннан екi жұлдыз көрдiк бiз,
Бiздер де екеу едiк, өйткенi.

Өз жолынан жаңылмайтын мәңгiлiк,
Келе жатты көкжиектен таң күлiп.
Екi жұлдыз сөне бердi ақырын,
Көкiрегiмде ақ сәулесiн қалдырып.

Екi жұлдыз - екi бақыт көктегi,
Төбемiзде тұрып алды, кетпедi.
Бар аспаннан екi жұлдыз көрдiк бiз,
Бiздер де екеу едiк, өйткенi.

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-