Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Елбасы - елдің тұтқасы - трио | Текст песни

Халқына болған қадірлі
Алашқа сыйлап азат күн
Ерім бар ерен ел тұтқан
Бағына туған қазақтың
Үмітін елдің ақтаған
Іргесін жердің сақтаған
Өзіңдей қайсар ұлы бар
Қазағыммен ай мақтанам

Көзіңмен сәуле ұйып күн
Сөзіңмен елді ұйыттың
Қырандай қанат қақтың да
Шыңына жеттің биіктің
Бұлытын сырып мұнардың
Қазақты төрге шығардың
Алдына шықтың жарқырап
Әлемдің көшбасшылардың

Есілдің екі жағасы
Көзімнің ақ пен қарасы
Өзіңе мәңгі қарыздар
Қазақтың әрбір баласы
Тарихтың көшін ұстаған
Дарабоздардың дарасы
Елімнің асқар ағасы
Тарихтың көшін ұстаған
Қазаққа қамқор қайраткер
Елімнің асқар ағасы

Алысқа кетті ау беделің
Тұлғасы таудай кемелім
Арқаға айдай қала сап
Төбемді көкке теңедің
Еліңнің ертең күні үшін
Таппадың тіптен бір тыным
Арманнан туған Астанаң
Байтағы түркі жұртының

Елбасы - елдің тұтқасы еще тексты


Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2
Видео
Нет видео
-