Зерделі білім ордасы, Елдің даңқын көкке асырған. Жастар мен өнер-білім жол басы, Алдымнан бақ боп ашылған. Кен ашып дархан даламнан, Сыр тартатын тылсым қашықтан. Маманбыз, ҚазҰТУ-дан нәр алған, Үмітпен алға асыққан.
Жалынды жас шағым, Арайланған ақ таңым, Құшағыңнан қуат ап, Өмір жолын бастадым, бастадым. Тамырын жайып жататын, Ізгілік нұр сәуле шашатын. Ғылымның даңғыл жолын ашатын, ҚазҰТУ мәңгі жасасын.