Әріпте 29-ыз келеді әліп Атасы ғазірет әлі әбу тәліп Жан беріп күнәхарды тірілтіп ап Тарттырар көр азбын отқа салып Әріпте 29-ыз келеді би Көреді иманды құл көреді си Қылығы бұл дұнияға жаққандарға Айтса айналар 8 жұмақ ішінен үй Әріпте 29-ыз келеді си Көңілді беріп хаққа нәпсіңді тыи Құдайдан шыныменнен қорықсаңыз Тастада қараң нәпсі адалдан жи Әріпте 29-ыз келеді ти Пәк тұтып киіміңді тазадан кй Алланың ақ бұйрығы келген күні Еркіңмен мойныңды ұсын жаныңды қй Әріпте 29-ыз келеді ұжым Малынан зекет бермес кей жаман зұм Зекетін көзі қйып бермегенмен Көзіне өлсе дағы топырақ құм Әріпте 29-ыз келеді хай Жаманға жанап кетсен салар айқай Шайтанның миманасы тасымасын Жақсыны һам көтерші даңқына сай Әріпте 29-ыз келеді қй Озады ошағына тер төккен үй Ас ішкен бір қазаннан бір қауым жан Мимансың бір-біріңе көрсетші сый Әріпте 29-ыз келеді дал Ғылымға көпті білген құлағың сал 90-сан ғалым сөзін бойға жыйып Ақылдан жұтамайтын құлағың мал Әріпте 29-ыз келеді зал Иеңді жан бітірген жадыңа ал Шыбының сені тастап кетер шақта Қалмайды ара тұрып жйнаған мал Әріпте 29-ыз келеді ре Жүреді желеп жебеп ердің пірі Тірлікте алла деген ақ пенденің Жанаңда өлген кезде қалмас кірі Әріпте 29-ыз келеді зе Мұсылман көңіл тазарт дініңді түзе Сұраушы көршісіне келген кезде Қақпайды күнәң үшін діріл тізе Әріпте 29-ыз келеді зын Өткен шал дарияға болса күшін Кеудеңде алла сонда қоныс қылып Киімге үлгі болып қалады ісің Әріпте 29-ыз келеді жын Азамат еңбек етші елің үшін Қарындас ораз ұста намаз оқы Жаныңның тазалығы дінің үшін Әріпте 29-ыз келеді дат Адамға өлсе дағы болады зат Жақсылық жамандықтың арасындай Періште екі йінде жазады хат Әріпте 29-ыз келеді зат Кебінің нәрестенің жалаң қабат Тірлікте тілін безеп жүргендерде Сұрасаң береалмайды жауап қымбат Әріпте 29-ыз келеді тай Сүйекте өлсең тұрмас етпенен май Шірейді тәнің жаның ал жан қайда Күнімді артық айтсам кешір құдай Әріпте 29-ыз келеді зай Көрінде иманды жан жатады жай Қылығы бұл дұнияға жаққан құлдың Жаныда ол дұнияға иманға бай Әріпте 29-ыз келеді айын Сыйламас жаман қатын келген байын Абалап ел көзінде шаттығады Өлтірет мың сан рет өлген сайын Әріпте 29-ыз келеді ғайын Қорқылды имандыға болар дайын Әиелге бұл дүнияда ерін күткен Төрінен 8 жұмақтың қылар жайын Әріпте 29-ыз келеді тый Пенделер ізетпенен иманды жый Жетімнің жұлып тартып ауызынан Боқтықты дүнияны жиғанды тый Әріпте 29-ыз келеді қақ Тірінің ол дүнияға бармағы қақ Жүрегі адал жанға ар алдында Болады мақшар күні алласы жар Әріпте 29-ыз келеді кеп Жүреді періштелер қамыңды жеп Жаратқан бар әлемге құдіретке Табыншы қасиетке біл алла деп Әріпте 29-ыз келеді ләм Тәңірде қонақтаған бір шыбын жан Түңілме отқа түссең суға батсаң Сол кезде сен жағында һақ жаратқан Әріпте 29-ыз келеді ныйым Тізу өс бір аллаға қылар сыйын Қарыппен қасерлерге көмек берсен Жұмақтың төрі болар тіккен үйің Әріпте 29-ыз келеді мұн Алланың әміріне мойныңды ұсын Күнәні іс әһіретте жамандейді ай Күтеді сені алдан мәңгілік түн Әріпте 29-ыз келеді хый Қылады дауды 4-еу болса екідей Туған деп тура жолдан тайып кетсең Төбеңнен таңда мақшар қазылар құй Әріпте 29-ыз келеді ооу Сол кезде жеті мүшең өзіңе жау Қылығын бұл дүнияға жақпаса егер Қыймылдап аузы басы қылады дау Әріпте 29-ыз ілә мәліп Тірлікте жан сәулесі қылады анық Адасқан хайуанаға жөн сөзіңді айт Тұрғандай қара түнді шырақ жағып Әріпте 29-ыз келеді йяй Күтеді 8 жұмақтан жаратқан жай Ақылға шарапатқа биіл берсең Иманды осы әріптер таратқандай