Уа, замандас Аралбай, Білмей қалдым ғой балаңды-ай, Тәуекел Хаққа шүкір ет, Аузыңа алма жаманды-ай. Бұл уақыттар болғанда Құдайым бізге тап қылды Бұ сықылды заманды-ай. Аллаң салса амал жоқ Көтертер жүкті адамға-ай, Бақилық жолға барғанда Жақсы мен жаман теңелер Ысыратың жолы қадамда-ай, Махшар күні жолығар Иманды пенде адамға-ай. Мен сасып қалдым қапыда Біле алмай сездің парқын-ай, Жылағанмен пайда жоқ Қайырын берсін артына-ай. Шайтаннан Тәңірім сақтағай Тамұқтың оты шарпымай, Күнәсін Алла кешіргей Лаухы менен Махфуздан Жаралған екен адамзат Дүйсенбі күні бесінде-ай Кәусәрден шарап татқызғай, Кең сарайда жатқызғай, Мүңкір-Нәңкүр келгенде Жауабын есен айтқызғай. Уа, замандасым Аралбай, Тұяғы бүтін тұлпар жоқ Қанаты бүтін сұңқар жоқ, Кей пендеде аға жоқ, Ағасыз жанда жаға жоқ, Кейбіреуде іні жоқ Інісіз жанның күні жоқ, Кейбіреуде бала жоқ, Бермесе Алла шара жоқ .Болаттан бекем бол деген Болдырғанға болмасқа, Берік бол бекер азбасқа, Уайым-қайғы жарамас Сіздей бір жанға-жолдасқа. Ашу деген көк бері Ақылың қорған – тал болар, Тәуекел қайық – сал болар, Ойлап бір кетсең жеткізбес Түсіп бір кетсең өткізбес Уайым деген жар болар. Қарасаң байқап, Аралбай, Өмір бір дулы шар болар. Бұл өмірде нелер жоқ– Біреу кем, біреу хан болар, Түспегесін басына Менменге қайғы тап болар. Ақыл деген қой болса Ашу деген көк бөрі Бөрі қойға жолықса Дүние қиғаш шаң болар. Сабыр етші, Аралбай, Айы біткен айда өлер, Күні біткен күнде өлер, Тура құрық келген күн Таңға жетпей түнде өлер, Тататын дәмі таусылса Жалғыз деп кімді ескерер, Өлімге қатты налиды Кейбір де кейбір пенделер. Басы аман-есен бай кісі Өз айтқанын жөн көрер, Орынды жерде сөйлесем Қызыл тілім дөңгелер, Айтып-айтпай не керек, Алыстан аңсап келгенде Сені мен менің қасыма Алдымнан «атам келді» деп Күліп бір ойнап кім келер?.