Атымды жазған кестелеп алғаш
Көңілім іздеп сені алаң
Күтуден ұзақ ештеңе болмас
Өмірің ғана тең оған
Жылжыйды жылдар оранып айды,
Қоштастық сөніп от бірде.
Бақыттың қандай болары жайлы
Жарнама жасап кеттің бе
Жылытты жанды отың тоңғанда
Батырдың енді бал мұңға.
Кемпірқосақтан көпір салғанда,
Аспанға шығып алдың ба?
Жылжыйды жылдар оранып айды,
Қоштастық сөніп от бірде.
Бақыттың қандай болары жайлы
Жарнама жасап кеттің бе
Таңдарым қайда алтын арайлы
Жанарда ойнар жас арман
Тауларға таулар жақындамайды
Тағдыры солай қашалған
Жылжыйды жылдар оранып айды,
Қоштастық сөніп от бірде.
Бақыттың қандай болары жайлы
Жарнама жасап кеттің бе
Елдос Мынжасар еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1