Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Ербол Алшынбаев - Сен менің әнімді жалға!!! | Текст песни

Тұңғиық жанарың мөлдір
Нұр құйып жабырқау жанға
Өртенген кезіміз сол бір
Көркемім жадыңда бар ма
Шақырып бір әлем жұмбақ
Арманың жетелер алға
Серуенін жастықтың жырлап
Сен менің әнімді жалға

Ұқсаған ұлпадай қарға
Бас идік кіршіксіз арға
Жымисаң сезімдер асау
Тулаған ып-ыстық қандай
Қырлардан гүл тердік бірге
Сыр айтып арайлы таңға
Басталған сол албырт күндей
Сен менің әнімді жалға

Сарғайып сағынсаң жасым
Жаным-ау жабырқап қалма
Күй-әннің сандығын ашып
Қиялдың аспанын шарла
Жүрейін жолыңды тосып
Асудан асуға самға
Аққуға үніңді қосып
Сен менің әнімді жалға

Ербол Алшынбаев еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Как вам текст?
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1