Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Ербол Амантаев - Қош сүйіктім | Текст песни

Қош сүйіктім

Сөзі: Батырхан Дәуренбеков
әні: Ержан Серікбаев

1) Жабырқаулы жүрек күзгі ұрған гүлдей,
Сенсіз өмірімді елестете алмай мүлде.
Жібін үзіп нәзік үміттің,
От боп жанған сезімді ұмыттық.
Айта аласың ба сен,
Кім ұтылды жаным, нені ұқтық?

Қайырмасы:
Қош, сүйіктім!
Қия алмайтын арман күндерім.
Өзіңмен бірге күткен таңды
Қиялдайтын тәтті түндерім.
Қош, сүйіктім!
Сырымды өзіңе ақтардым.
Бірге болған шақтарды есте сақтармын.

2) Басқа қоған бақты бағалай да алмай кеткен,
Екі айырған бізді тағдыр қатал еді-ау неткен?
Көзіңдегі жасты жасырма,
Асау сезімдерге бас ұрма.
Өміріңнен мені қашырмашы қиып басқаға.

Қайырмасы:
Қош, сүйіктім!
Қия алмайтын арман күндерім.
Өзіңмен бірге күткен таңды
Қиялдайтын тәтті түндерім.
Қош, сүйіктім!
Сырымды өзіңе ақтардым.
Бірге болған шақтарды есте сақтармын.

3) Жұлдыздай боп жанған көгімдегі мәңгі еркем,
Тапсаң басқа жанды бақытты бол, жаным ертең.
Уақыт өзі емші емдейді
Бірақ жүрек оған көнбейді.
Алданған сезімім енді қайтып маған сенбейді.

Қайырмасы:
Қош, сүйіктім!
Қия алмайтын арман күндерім.
Өзіңмен бірге күткен таңды
Қиялдайтын тәтті түндерім.
Қош, сүйіктім!
Сырымды өзіңе ақтардым.
Бірге болған шақтарды есте сақтармын.


Ербол Амантаев еще тексты


Другие названия этого текста
  • Бағлан Абдраимов - Қош Сүйіктім (0)
  • Шынар - Қош, сүйіктім (0)
  • Ербол Амантаев - Қош сүйіктім (0)
Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1