Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Ерболат - Сен сұлу. | Текст песни

Білем анық: жанға жайлы Май сұлу,
Жарқ-жұрқ еткен майда нажағай сұлу.
Қызықты орман, көңілді еркін кең дала,
Күміс табақ көкте жүзен Ай сұлу.

Кешкі ескен жібек жылы жел сұлу,
Хош иісті түрлі-түсті гүл сұлу.
Әдемі аспан – төбедегі көк шатыр,
Асқар тауы, дариясымен жер сұлу.

Сылқ-сылқ күліп сылдыр қаққан су сұлу,
Көлге қонып қаңқылдаған қу сұлу.
Бейне айнадай жарқыраған айдыннан,
Күн шығарда көтерілген бу сұлу.

Шаңқай түсте өткір алтын Күн сұлу,
Жымыңдаған жұлдыздармен түн сұлу.
Толып жатыр түрлі сұлу дүниеде,
Бәрінен де маған, сәулем, сен сұлу!

Другие названия этого текста
  • дамир руслан - Сен сулу (0)
  • Ерболат - Сен сұлу. (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-