Аққуым аспанда емес, жерде менің,
Әнінен тоқсан толқып тербелемін.
Келгенде шынтуайтқа, көзбе-көзге,
Секілді көктен алыс жер дегенім.
Аққуым аспанда емес, жер бетінде,
Сұлулық тұр тояттап келбетінде.
Сол болып шырт ұйқыдан оятады
Мазасыз таңда бұлбұл, жел де түнде.
Солардың ұйып тыңдап тынбас әнін,
Сарылып түнмен, таңмен сырласамын.
Кетеді асықтырып таң да, түн де
Дүниеде жүрсің бе деп мың жасармын.
Қайтейін, төзем тағы мен дертіме,
Тимесін аққуымның жел бетіне.
Дауысын жүрегімнің бір есітер,
Әндетіп жүрсе болды жер бетінде.
Жұбан Молдағалиев
Ерген Айтымбетов (Сөзі: Жұбан Молдағалиев) еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1