ҮЙІМЕ ҮНСІЗ ТҰНЖЫРАП ҚАЙҒЫРЫП КЕЛЕМ. ТАЛЫҚСЫП ЖАТЫП СОДАН СОҢ КЕТЕМІН ҰЙЫҚТАП, ҰЙЫҚТАП КЕТСЕМ ТҮСІМДЕ СӘЙГҮЛІК КӨРЕМ...
Мінем де шабам алдымнан аңғарлар қаптап, Таулардан орғып өтемін, заңғарларды аттап. Жарықтың жылдамдығын да жолда қалдырам, Мен болсам — арман, тұлпарым — арманнан да әппақ!
Аққу сындымын бүгінде айдыны — қырау. Ақ әлемге барып жерлер ем қайғыны мынау. –Өңіме қарап, бир кезек, шаппайсың неге?, Түсімде көріп жүретін сәйгүлігім - ау!..
Оянбай қалам, бұл - шындық, ұрыспа, қарғам, Шөлмек-тірліктің белгілі құлай сынары. Гитарамды алып елеусіз бұрышта қалған, Бауырыңа басып, егіліп жылайсың әлі.
Жанардан ұштың, жасын күн - базарым едің, Ақ арман неге қол бұлғап шақырмайды алдан? Отырам сосын тұнжырап, сазарып өңім, Оқтаулы мылтық секілді атылмай қалған.