ымкенттің салқын сырасы! Көрдің бе ішіп, құрдасым? Мөлдіреп, тұнып тұрғасын, Қалайша шыдап тұрасың?! Шөлдеген кезде – жолдасым, Шаршаған кезде – сырласым. Ішкенде жаным кіріп, Бойымда қаным жүріп, Өмірдің мәнін ұғарсың!
Шымкенттің салқын сырасы! Сүтіндей қойдың қорғасын, Еріксіз еске аларсың, Бабаңның ішкен бозасын. Ыдыстың алып тәуірін, Сыраңнан құйшы, бауырым! Шаттықтың ордасында, Достардың ортасында Қызықпен өтсін дәуірің!
Қайырмасы:
Шымкенттің салқын сырасы! Жастықтың албырт куәсі. Тағы да құйшы, бауырым, Қалмасын менің көңілім. Ішкенде дәмі кетпейді, Көңілде көктем көктейді. Достым, сен сенесің ба? Шымкенттің сырасына Ешқандай сыра жетпейді!