Күннің көріп кеткендей айда алыс күн
Бұрынғыдай атпайды ойлар ұшқын
Теремін нөміріңді сағындырмай
Аясына келсеңші байланыстың,
Қайырмасы:
Үндемейсің, үндеме, үндемегін
Үміттің мүлде солай жібін үздір.
Телефоның сөндірулі білген едім,
Сонда да теріп тұрмын 8701.
Сағынышым сен маған күш бергенсің,
Ажарының ашқан соң түс пердесін.
Теремін нөміріңді терген сайын,
Байланыс аясынан тыс жердесің.
Қайырмасы:
Үндемейсің, үндеме, үндемегін
Үміттің мүлде солай жібін үздір.
Телефоның сөндірулі білген едім,
Сонда да теріп тұрмын 8701.
Сезімімді еркіне көндіруді,
Ойлағанмен болмады өрті нұрлы.
Теремін көзім талып нөміріңді,
Телефоның сөндірулі.
Қайырмасы:
Үндемейсің, үндеме, үндемегін
Үміттің мүлде солай жібін үздір.
Телефоның сөндірулі білген едім,
Сонда да теріп тұрмын 8701.
Еркiн Нұржанов & Cырым Исабаев еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2