Сүрінген құлагер ем, жылаған жаным қоса Алдыңда тұра берем, не керек бәрін жаса. Жанымды қашқан жігер түйіп ап орамалға, Тереңге тастап жібер, соңғы рет қарап ал да. Жанымды қашқан жігер түйіп ап орамалға, Тереңге тастап жібер, соңғы рет қарап ал да.
Өр кеуде жанды биік көндіріп мазағыңа, Жатайын мәңгі күйіп сен тартқан азабыңда. Дүние кең шағында не кірді арамызға?! Осынау жер шарында екеуміз ғанамыз ба?! Дүние кең шағында не кірді арамызға?! Осынау жер шарында екеуміз ғанамыз ба?!