Сен сенгенім, Сенсіз жерде түседі енсем менің Қапияда көз жазып қаламба деп Көтере алмай енсенді кемсендедім
Қайырмасы: Күнім менің Сенен жақын бар еді кімім менің Сен от басып қалар деп ойда-жоқта Көрсен еді жүрегім тілінгенің Тілінгенің, ей жалғыз, ұлым менің
Құлагерім, Бар бақытым өзінсің сірә менің Бір тілеуін әкеннің берер болса Саған ғана амандық сұрар едім
Қайырмасы: Күнім менің Сенен жақын бар еді кімім менің Сен от басып қалар деп ойда-жоқта Көрсен еді жүрегім тілінгенің Тілінгенің, ей жалғыз, ұлым менің Мұрагерім, Ақ жүзіңді семсер қып сыңар едім Ақ пер қара айқасқан бұл өмірде Жыға көрме туымды мына менің
Қайырмасы: Күнім менің Сенен жақын бар еді кімім менің Сен от басып қалар деп ойда жоқта Көрсен еді жүрегім тілінгенің Тілінгенің, ей жалғыз, ұлым менің