Сенің мөлдір сырғаңның , сыңғырындай әдемі Жүректегі сырлы әннің баурап алды әлемі Сырға айналған жылдардың күміс сырғаң сәні еді Жазылмаған жырлардың шертілмеген сырлардың Куәсіндей көркем ән еді
Қайырмасы Жүрегімнің жүз әнін саған арнадым Еркелей түс маган ардағым Қосылып ән айтайық Бірге аралап қайтайық Сезім гүлдің жағалауларын
Сенің мөлдір алқаңның жарқылындай жалт еткен Жанды тербеп шалқар мұң сырға айналды әр көктем Шуағымен әр таңның сені сүйіп селт еткен Саған сенім артамын бақыт толып әр таңым Жүрегімді кеттің өртеп сен
Қайырмасы Жүрегімнің жүз әнін саған арнадым Еркелей түс маган ардағым Қосылып ән айтайық Бірге аралап қайтайық Сезім гүлдің жағалауларын
Сенің мөлдір күлкіңнің сыңғырына шөлдеген Жүрегіңнің мүмкін бұл cезім ба екен кернеген Қылығы мол сүйкімдім жырақтама сен менен Әуезіңмен сиқырлы қылығыңмен мың түрлі Жүрегімді менің емдеген
Қайырмасы Жүрегімнің жүз әнін саған арнадым Еркелей түс маган ардағым Қосылып ән айтайық Бірге аралап қайтайық Сезім гүлдің жағалауларын