1.Дәл осылай болатынын сезгем мен
Ғұмырым-ай ғұмырым,
Сен кеткеннен ештеңе жоқ өзгерген,
Тірімін мен тірімін.
Қ-сы: Өкінетін Мәжнүн деп пе ең, не, мені
Сәтсіздікке кез келген.
Ештеңе де керек емес себебі, Ештеңе жоқ өзгерген.
2.Іздеймін мен жалғыздықтан торықсам,
Ұмтыламын өрге кіл.
Басымды изеп өте шығам жолықсаң,
Жаным менің көр де тұр.
Қ-сы: Өкінетін Мәжнүн деп пе ең, не, мені
Сәтсіздікке кез келген.
Ештеңе де керек емес себебі, Ештеңе жоқ өзгерген.
3.Сені аңсаймын, сен туралы ойланам,
Өтірік ал, алдадым.
Керек емес, хат жазбай-ақ қой маған,
Телефон да шалмағын.
Қ-сы: Өкінетін Мәжнүн деп пе ең, не, мені
Сәтсіздікке кез келген.
Ештеңе де керек емес себебі, Ештеңе жоқ өзгерген.
4.Сөйлейді аспан қара жаңбыр тілімен,
Сол Алматы, сол өзен.
Ағыл-тегіл жылайды, рас, түнімен
Жылайды рас терезем.
Еркасым Абдрахман еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1