Торғындай жұмсақ түндерде
Төбеде қалқып көшкен ай
Жырларға толы күндермен
Сырларға толы кештер ай
Көңілге куат жел берген
Күлкіге жомарт үйлер ай
Шырқата салған әндер мен
Шалқыта тартқан күйлер ай
Шалқыта тартқан күйлер ай
Кездер-ай ерке кездер-ай
Кездер-ай серке кездер-ай
Шоқ болып түсіп жүрекке
Түбіңе жеткен көздер-ай
Түбіңе жеткен көздер-ай
Арғымақ көңіл еліріп
Арынын әрең бастық-ай
Осылай лаулап өмірі
Өтердей болған жастық-ай
Кеттіңдер енді кімге еріп
Қуаныштар-ай мұңдар-ай
Күлімдеп өткен күндер мен
Жарқылдап өткен жылдар-ай
Жарқылдап өткен жылдар-ай
Кездер-ай ерке кездер-ай
Кездер-ай серке кездер-ай
Шоқ болып түсіп жүрекке
Түбіңе жеткен көздер-ай
Түбіңе жеткен
Кездер-ай ерке кездер-ай
Кездер-ай серке кездер-ай
Шоқ болып түсіп жүрекке
Түбіңе жеткен көздер-ай
Түбіңе жеткен көздер-ай
Кездер-ай ерке кездер-ай
Кездер-ай серке кездер-ай
Ерке Есмахан, KZ тобы еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1