Қыз бала қонақ еліне Келеді қайтар уақыты Қадірін білер теңіне Жар болу - әйел бақыты Жарығын алып жұлдыздың Бесік жырыны тыңдатып Әйелге арлы ұл қыздың Анасы атану шын бақыт
Қайырмасы: Сіңілім тоқта, тоқташы Шекараң үйдің қақпасы Әйелдің бақыты, әйелдің бақыты Әйелдің бақыты - отбасы
Әйелге жеңіс белесқой Еріне деген құрметі Асыл таста қу емесқой Асыл жар болу міндеті Күлкісі үшін сәбиді Анасы қажет тәрізді Бақыты үшін әр үйдің Әйелдің бақыты маңызды
Қайырмасы: Сіңілім тоқта, тоқташы Шекараң үйдің қақпасы Әйелдің бақыты, әйелдің бақыты Әйелдің бақыты - отбасы
Аяулы арулар бәріңнің арың бар Қайнаған қаның бар, жайнаған сәнің бар Аққудай тербеліп, айдынға қоныңдар Бақытты болуға ақылды болыңдар
Қайырмасы: Сіңілім тоқта, тоқташы Шекараң үйдің қақпасы Әйелдің бақыты, әйелдің бақыты Әйелдің бақыты - отбасы