Мен едім ғой жүрегіңе орнайтын сынар Қауыз жарған гүл сезімім солмайтын шығар Жадырайсын жан көрдім деп маған ұқсаған Ұқсағанмен дәл өзімдей болмайтын шығар Суығына мен секілді тонбайтын шығар
Қайырмасы: Маған ұқсайды, маған ұқсайды Күймедегі ханның қызы құрметі дара Маған ұқсайды, маған ұқсайды Анашымның қыз күндегі суреті ғана
Нәзік жүрек ғашықтықтан қалам ұстайды Шын ғашықтар алыстаса бағалай бастайды Біз секілді бір адам жоқ жердің бетінде Көк жұлдызы қоршаған ай саған ұқсайды Айға жақын тұрған жұлдыз маған ұқсайды
Қайырмасы: Маған ұқсайды, маған ұқсайды Күймедегі ханның қызы құрметі дара Маған ұқсайды, маған ұқсайды Анашымның қыз күндегі суреті ғана