Қазағым 1.Аталардың аманатын ақтаған Салтымызды сары алтындай сақтаған Жаңа ғасыр баспалдағын аттаған Байтақ елім өзін менен мақтанам Бабаларым салтын киген алтыннан Тұлпар мініп бостандыққа талпынған Сардары мен батырлары салқылған Дарқан көңіл айналмайын халқымнан Қ-сы Қаймана қазақ қамы үшін Алысқан талай арысын Бермеген қолдан намысын намысын намысын Жерімді қорғап нарларым ел үшін төкті қандарын Аллаға шүкір біз көрдік арманын арманын 2.Хандарымыз өткір еді қайралған Жырауларым ұйқы беріп қайғы алған Билеріміз доңғал көрсе бәйге алған Абыздар бар аңыздарға айналған Ақылманым даналыққа ұмтылған Ақындарым жүрегіне жыр тұнған Боғаулыққа басы сыймай бұлқынған Жау-жүректер туды талай жұртыннан
Абайдың сөзі қайнарым Алаштың жолы айбарым Желбіреп көкте байрағым байрағым Арғата менің қазағым Қырандай қанат жазамын Жасай бер жайсан қазағым қазағым қазағым