Биссмиллах сөздің бастауы Жаратқан раббым бір Аллаһ Пайғамбарым Мұхаммед Асылы сөздің Құранда О бастан дінім Ислам Шүкірлік саған мың Аллаһ Мойнымда бар бес парыз Ойымнан әсте шығарма Маңдайда тағдыр жазулы Қандайда жазмыш тұр алда Иығымда қос періште Жақсыда жаман ісімді Саралап жазып жазып жүр олда Разылығы үшін Раббымның Азығы үшін халқымның Дініммен өлең бастадым Тіліммен қайрат қыларға
Бұл жалғанда не жақсы, Ғайыпқа сенген көз жақсы. Есепсіз шашқан байлықтан, Етекті жапқан бөз жақсы. Зікірмен таңын атырып, Шүкірмен күнін батырып, Халқыңа тиіп пайдасы, Артыңа қалса сөз жақсы.
Заманда заман бұл заман Пенденің пейлін ұрлаған Біреудің тауын шақтырып Біреудің наннын тарттырып Диірменнің тасындай Заманы мынау зырлаған Патшада өтті өмірден Салдырған сарай ділдәдан Тазшада өтті өмірден Өзегін өксік тырнаған Байларда өтті өмірден Қолының кірін бұлдаған Пайғамбарда өтті өмірден Көңілін хақтан бұрмаған Жан біткенге үлгі боп Жәндікке заллал қылмаған Солардан қалған бес күнде Ешкімде мәңгі тұрмаған Нәпсімен иман айқасып Жақсымен қатар жүр жаман
Бұл жалғанда не жаман? Жүрекке қатқан кір жаман Шүкірлік етпей Аллаға, Күпірлік қылған құл жаман. Кәлимасын айта алмай Харамнан жұртты қайтармай Ғайбатпен өсек таратқан Бейбаққа біткен тіл жаман Қара көз менің қандасым Оянар ма екен санаңыз Барыңды жүрсің базар қып Арың мен тәнің алауыз Жетімін жолда қалдырмай Жесірін жауға алдырмай Сүйекке таңба салдырмай Үйреткен жоқпа бабамыз?! Солардан қалған жас қауым Тас бауыр болып барамыз Анасын іздеп шарқ ұрған Кім келсе соған талпынған Жәутең көздерге толтырған Жетімдер үйін қараңыз Аспаннан олар түскен жоқ Сіздіде тапты анаңыз-ай Жастықта нәпсің тыймасаң Қарттық келмес шамаңыз Көктемде қайрат қылмасаң Қайғы боп жетер қара күз Бұл жалғанда не жаман Ар сатып тапқан пұл жаман Атаның жолын қумаған Батасыз өскен ұл жаман Қырық үйден тыйылмай Қырық жылқы қалың жиылмай Шешеден алғыс бұйырмай Жетесіз өскен қыз жаман Жалғанда, жалған, жалғанда Аманат қылды тәнді Аллаһ Себепкер болып ана-анаң Тәніңе берді жанды Аллаһ Баланың қамын ойлаумен Таңдарын ұрған таңдарға Асырап сені өсірген Әкеден асқар тау барма Ақ сүтін қақтап емізген Тәттісін сақтап жегізген Аялап сені өсірген Анадан асқан жан барма? Қатыгез менің қандасым Мансапқа біткен малданба Асырап баққан әкеңді Қараусыз етіп тастама Қауқары кетіп қалғанда Қаттардың үйін паналап