Құтты болсын туған күнің Ботақаным Балапаным Қандай бақыт өмірде Жүрегімді көргенде Алыс жүрсем сағынарым Жан гүліндей иісіңді Тәтті сенің сөзіңдей Бақытымсың өмірде Тәй-тәй басқан балапаным Қандай тәтті алақаның Құтты болсын әр қадамың өмірде Тәй-тәй басқан балапаным Өзіңе деп ән арнадым Қуанышқа сен жалғадың өмірді
Күндерім өткен ұзағын Қаншама шаттық,қанша мұң Бәрінен тәтті екен-ау Балалық шағым,бал шағым Алыста қиса ертеге Бейкүнә таза мөлтеген Қоштасып бала өмірмен Өскіміз келді ертерек! Балалық шақтың бекетін Қалдырдым өмір жолында Арман көп оған жететін Билет жоқ әттең қолымда!
Асау өмір арнасында Шалқып сәби сезімменен Он жыл мектеп партасында Бірге отырдым өзіңменен Сездіруге батпадың ба Бала махаббатымды Терезенің жақтауына Ойып жаздым атынды Елес беріп келешегің Қимасыңа баладың ба Қоштасарда неге сенің Жас толқыды жанарыңа Сездіруге батпадың ба Бала махаббатымды Терезенің жақтауына Ойып жаздым атыңды
О мектебім2 Сені мендей сүйген кім? Мен өзіңе жеткелі талай нәрсе үйрендім: Мұғалімді алдауды Сабақтарға бармауды Екі деген бағаны күнделікке жазбауды Қыздың шашын жұлуды Бірге – бірді шығуды Апам берген ақшаны Жақсы жерге тығуды Көп еркелік істедім Жаман жолға түспедім Бес алғанға мәз болып Үш алсамда күш дедім Ұстазым менің Ұстазым Өзіңмен өткен қыс жазым Қалдырған ізің мәңгілік Жанымда тұрар жаңғырық Ұстазым менің Ұстазым
Студент Жастық шақтың сәулелі кезін шашқан тәтті арай Ең қызықты дәурені студенттік шақтары ай Жатақхана Общяга оны да бір бақ сана Тойып алып жатасың Китайсий лапшага Семинарға бармайсың сессияда зарлайсың Жақсы баға дегенді оңайлықпен алмайсың Емтиханға барасың шпаргалка салып ап Өтсең сен мәз боласың үштік болсын алып ап Ең бірінші курста сабағынан калмайды Ал екінші курста бірді – бірге жалғайды Курысыңда үшінші корпусқа көп бармайды Төртіншіге келгенде түске дейін ұйқысы Оңайлықпен қанбайды Бесіншіге келгенде 1-2-3-4 іңді шеттерінен жалғайды Осылардың бәрі бар қызығы бар сәні бар Студенттік өмірді шын көңілмен қабыл ал
Тракторист..... Сен Астанада сызып түліп жүрсің Мен Таскескенде күіп үсіп жүрмін Сен тамаша өмір сүруді білесің Аулдағы мені көрсең кейде күлесің Астанада «ДПТУ» да оқисың Менің кәсібімді көрсең шошисың Сенің болашақ маманың интурист Ал мен СПТУ бітірген ТРАКТОРИСТ Тракторист...
Ғашық оты жанады жана берсін Жұбайлардың жолдары бола берсін Келген жылдар қосылған екі жасқа Бақыты мен Байлығын ала келсін