1.Сағындым сағым уақыт Табатын жаным бақыт Балалық ұяның Қарлығаш қиялың Еске алып тербелемін Жұлдызын көгімнің Бақытын өмірдің Аңсаумен мен келемін
Қайырмасы: Сағым жылдар,cағым жылдар Сен де бір арман Сен де бір жалған Сағыныш-ай, сағыныш-ай! Сенімен бірге Толқиды жаным менің
2.Сағындым, сағым күндер, Сағынсам, жаным гүлдер.
Өмірдің көшінен Мен, бәлкім, кешігем, Сағынып, кеш қалармын. Балалық көктемім, Қарайлап өткенін Аңсаумен еске алармын.
Қайырмасы:
3.Сағындым сағым жылдар Өттің-ау ағып, жылдар Баладай алаңсыз Баянды, баянсыз Тағдырға бағынумен Оралып келе алмай Қимастан көре алмай Күн кештім сағынумен