Сеземін сүйген жүрекке,
Сағыну соқпас оңайға.
Дегенмен,қалқам,қалайда
Қалт еткен шақта мені ойла
Таңертең тұр да шықты көр...
Оянған шақта мені ойла.
Шұғылаға шығыс түп-түгел
Боялған шақта мені ойла
Мені ойла,жаным,мені ойла
Дүниені нұрлы кірпігің
Қамасын сырға мені ойла.
Талдарға көктем бүртігін
Жаңа аштырғанда мені ойла.
Арадай балға тоймаған
Бал қызғанғанда мені ойла
Жым-жырт боп тегіс айналаң
Жалғыз қалғанда мені ойла
Еркин Нуржан еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 3