Халқына болған қадірлі Алашқа сыйлап азат күн Ерім бар ерен ел тұтқан Бағына туған қазақтың Үмітін елдің ақтаған Іргесін жердің сақтаған Өзіңдей қайсар ұлы бар Қазағыммен-ай мақтанам
Өзіңмен сәуле ұйып күн Сөзіңмен елді ұйыттың Қырандай қанат қақтыңда Шыңына жеттің биіктің Бұлтын сырып мұнардың Қазақты төрге шығардың Алдына шықтың жарқырап Әлемдік көшбасшылардың
Қ/СЫ Есілдің екі жағасы-ей Көзімнің ақ пен қарасы Өзіңе мәңгі қарыздар Қазақтың әрбір баласы Тарихтың көшін ұстаған Дарабоздардың дарасы Елімнің асқар ағасы! Тарихтың көшін ұстаған Қазаққа қамқор қайраткер Елімнің асқар ағасы!
Алысқа кетті-ау беделің Тұлғасы таудай кемелім Арқаға айдай қала сап Төбемді көкке теңедің Еліңнің ертең күні үшін Таппадың тіпті бір тыным Арманнан туған Астанаң Байтағы түркі жұртының