Жанарымды жұмып кейде нұр сіңген,
Кездескенде арман атты тылсыммен.
Ту сыртымнан үп еткенде самал жел,
Елеңдеймін сен шығар деп күрсінген..
Ғашықтардың басындағы хал бөлек,
Ғашық жанды әлдилейтін ән керек..
Жаңбыр жауса тырсылынан оянам,
Іздеп келіп есік қаққан сен бе деп..
Жүрегіме бермеседе жыр тыным,
Айтар ойды айта алмай іркідім..
Көздеріңді жұмған сайын ілетін,
Тым болмаса болмадым ба ау кірпігің..
Тілін тапсаң айтады екен тас та мұң,
Керегі жоқ..керегі жоқ басқаның!
Алақаның аялайтын тарамдап, Тым болмаса болмадым ба ау шаштарың?!
Қайда жүрсең қайғы-мұңсыз жүр аман,
Басқа тілек мен тағдырдан сұраман.
Күн астында күмбірлесе күміс су,
Сенің күлкің естілгендей қуанам.
Бұл өмірдің бәрі жалған өткінші,
Аз ғұмырда көп қуанып, көп күлші,
Маған ұқсап аспандағы ай мен күн,
Көздеріңе ғашық болып өтсінші!
Еркін Нұржанов еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1