Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Еркін Нұржанов - Ғашықтар әлдиі | Текст песни

Жанарымды жұмып кейденұр сіңген
Кездескенде арман атты тылсыммен
Ту сыртымнан үп еткенде самал жел
Елеңдеймін сен шығар деп күрсінген
Ту сыртымнан үп еткенде самал жел
Елеңдеймін сен шығар деп күрсінген

Ғашықтардың басындағы хал бөлек
Ғашықтарды тербететін ән керек
Жаңбыр жауса тырсылынан оянам
Іздеп келіп есік қаққан сен бе деп
Жаңбыр жауса тырсылынан оянам
Іздеп келіп есік қаққан сен бе деп

Бермесе де жүрегіме жыр тыным
Айтар ойды-ау айта алмай іркідім
Көздеріңді жұмаған сайын үбетін
Тым болмаса болмадым ба кірпігің
Көздеріңді жұмаған сайын үбетін
Тым болмаса болмадым ба кірпігің

Тілін тапсаң айтады екен таста мұң
Керегі жоқ, керегі жоқ басқаның
Алақаның аялайтын тарақтап
Тым болмаса, болмадым ба шаштарың
Алақаның аялайтын тарақтап
Тым болмаса, болмадым ба шаштарың

Қашан болсын қайғы көрмей жүр аман
Мен тағдырдан басқа тілек сұраман
Күн астында сыңғырласа күміс су
Сенің күлкің естілгендей куанам
Күн астында сыңғырласа күміс су
Сенің күлкің естілгендей куанам

Өмір деген өте шығар өткінші
Аз ғұмырда көп қуанып көп күлші
Маған ұқсап аспандағы Ай мен Күн
Көздеріңе ғашық болып өтсінші
Маған ұқсап аспандағы Ай мен Күн
Көздеріңе ғашық болып өтсінші

Еркін Нұржанов еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2