Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Еркін Нұржанов - Достар | Текст песни

Берілген уақыт сый дегенімен,
Сүрерміз оны күйбелеңімен.
Бас қосып досым, сыр бөлісейік,
Үзіліс алып, күйбең өмірден.
Гүл көктем жырлар, жазда күздерде,
Бөліп көргеніміз ертегіме енді,
Бірге өткен жылдар, айтсын біздерге,
Кейіпкері біз ертегілердің.
Досым ау жанға, ай жарығын бер,
Әзілімді ұғар, қайдағы кімдер.
Өзіңмен ғана жайдары күндер,
Қалғанның бәрі пайдалы күндер.
Жылаған жанға ақтарып айтам,
Қасқағымды алда гүл етеріңді.
Сұраған жанға, мақтанып айтам,
Достарым барында, кім екенімді.
Іріктеу кезде, таңдалған едік,
Таңдаудан қалған тарландар едік.
Өмірдін жолы екіге бөлді,
Бірге жүрсек деп армандап едік.
Жылаған жанға ақтарып айтам,
Қасқағымды алда гүл етеріңді.
Сұраған жанға, мақтанып айтам,
Достарым барында, кім екенімді
Қайырылмай жүрген көшімді көрсін,
Хәлімді сұрар білгісі келсе.
Алдымен менің досымды көрсін.
Мен жайлы терең білгісі келсе

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Популярное сейчас
Видео
Нет видео
-