Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Еркін Нұржанов - Ең алғашқы махаббат | Текст песни

Енесей мен Еділді шатыстырып картадан
Ең алғашқы махаббат басталады партадан
Күндей таза көңілі, қардай аппақ парақта
Ең алғашқы махаббат басталады сабақта

Кешпегендер басынан, сенбе мейлі сен мейлі
Ең алғашқы махаббат бірін-бірі көрмейді
Айта алмас ем ерте деп, айта алмас ем кеш деп мен
Ең алғашқы махаббат басталады мектептен

Бәйшешектей бүр жарып, бұзып жарып сең-тоңды
Ең алғашқы махаббат ,болу керек ең соңғы
Болар бәлкім қамалы, болар бәлкім қақпасы
Ең алғашқы махаббат, махаббаттың патшасы

Енесей мен Еділді шатыстырып картадан
Ең алғашқы махаббат басталады партадан
Күндей таза көңілі, қардай аппақ парақта
Ең алғашқы махаббат басталады сабақта

Күндей таза көңілі, қардай аппақ парақта
Ең алғашқы махаббат басталады сабақта
Оу-оу-оу-оу
Болар бәлкімқамалы, болар бәлкім қақпасы
Ең алғашқы махаббат, махаббаттың патшасы
Ең алғашқы махаббат, махаббаттың патшасы

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
  • бір келіншек және отбасы туралы бір келіншек және отбасы туралы
    Ері маскүнем отбасындағы бір келіншек тағдыры. Ойлан, қазақ! Арақ отбасының шырқын бұзады.