Жүзіңе айдай, үніңе балдай, жаным, ғашықпын,
Арай таңдарда, жалғыз қалғанда саған асықтым.
Мінезі көркем, жүректі өртер сұлу елігім,
Сынақ-өмір де, сезім, көңіл де сенсің – серігім.
Қайырмасы:
Сен менсіз, мен сенсіз, қалай жүргенбіз?
Махаббат барына біздер сенгенбіз.
Тәңірім, біздерді арай күйге енгіз,
Мәңгі біргеміз, жаным!
Мөлдір тілектен, ыстық жүректен сезім сезілді,
Бұрын байқамай жүрдім мен қалай, бағым, өзіңді.
Бөлендік күйге, қосылып бірге әнге салғанда,
«Жарық күнім» деп, жүрем күлімдеп, мәңгі сен барда.
Қайырмасы:
Сен менсіз, мен сенсіз, қалай жүргенбіз?
Махаббат барына біздер сенгенбіз.
Тәңірім, біздерді арай күйге енгіз,
Мәңгі біргеміз, жаным!
Ерлан Орынбасаров & Баян Нұрмышева еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1